Жекеменшік тұрғын үйдің қорасынан өз-өзіне қол жұмсаған 15 жастағы ұл баланың денесі табылған
Әулиекөл ауылында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.
Қостанай облысы Полиция департаменті ақпаратты растады.
Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйекте жекеменшік тұрғын үйдің қорасынан өз-өзіне қол жұмсаған 15 жастағы ұл баланың денесі табылған.
Бұл фактімен ҚР ҚК 105 бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.