×

Қостанай облысында қорадан 15 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды

Жекеменшік тұрғын үйдің қорасынан өз-өзіне қол жұмсаған 15 жастағы ұл баланың денесі табылған

 Халық үні 22.09.2022 | 23:45
Фото: рikist.com

Әулиекөл ауылында жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. 

Қостанай облысы Полиция департаменті ақпаратты растады.

Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйекте жекеменшік тұрғын үйдің қорасынан өз-өзіне қол жұмсаған 15 жастағы ұл баланың денесі табылған.

Бұл фактімен ҚР ҚК 105  бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама