Арнайы операцияға полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен дәрігерлер қатысты
Өскеменде тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Арнайы операцияға полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен дәрігерлер қатысты.
Бүгін Өскеменде сағат 11.00-де «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 және 3477 әскери бөлімдерінің әскери қалашығына жасалған шабуылға тойтарыс беру үшін ШҚО Полиция жепартаменті, ШҚО ТЖД және қалалық жедел көмек көрсету ауруханасымен бірескен тактикалық оқу-жаттығу өтті, - деп жазылған Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқу-жаттығу барысында қарулар мен имитациялық жарылғыш заттар қолданылды.