Halyq Uni логотип
×

«Кінәмді мойындаймын, өкінемін». Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ҰҚК генерал-майоры шені мен «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін, деді прокурор

 Айнұр Шошаева 22.09.2022 | 17:10
«Кінәмді мойындаймын, өкінемін». Прокурор Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгінгі сот отырысында прокурор Қайрат Сатыбалды және осы іске қатысты басқа да сотталушылармен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы прокурор Жангелді Есебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Сотталушылар процессуалдық келісім жасауға өздері ерік білдірді, – деді прокурор. 

Прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдыға мүлкін тәркілей отырып алты жылға бас бостандығынан айыруды және 10 жыл мерзіме мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға тыйым салу жазасын тағайындауды сұрады.  

Мүлкін тәркілей отырып, алты жылға бас бостандығынан айырыру және 10 жыл мерзімде мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыру жазасын тағайындау. Жазасы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеліп,  Президентке ҰҚК органдарының генерал-майордың арнайы шенін, сондай-ақ мемлекеттік наградалар – «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін, – деді прокурор Есебаев. 

Қайрат Сатыбалды аталған жазамен келісіп, процессуалдық келісімді еш қысымсыз, өз еркімен жасағанын айтты. 

Құрметті сот, іс жүргізу келісімінің мәні маған толық түсінікті. Мен кінәні мойындаймын, өкінемін және іс жүргізу келісімінің барлық тармақтарымен келісемін. ...Процессуалдық келісімді ерікті түрде жасадым, – деді Сатыбалды.

Сонымен бірге прокурор қылмыстық істің басқа да қатысушыларыға қатысты жаза мерзіміне тоқталды. Марат Мұхамеджаұлы мен Ғани Бекетовті мүлкін тәркілеп, алты жылға бас бостандығынан айыруды шартты жазасын сұрап, пробациялық қадағалауға алуды ұсынды. Бұған қоса мемлекеттік айыптаушы Шыңғыс Қоңырбаев пен Леонид Муравьевті 2 жыл, 6 ай бас бостандығынан айыру шартты жазасын кесуді сұрады. 

Судья Нұрлан Баяхметов келесі сот отырысын 23 қыркүйекке тағайындады. Аталған іс бойына сот шешімі ертең жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осы іс бойынша тараптар медиативтік келісім жасауға келіскенімен, кейін ол өтінішті қайтарып алуды сұраған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама