Ол автокөліктерді несиеге беру, сатып алу, аксессуарлар мен қосалқы бөлшектерді сатумен айналасады
«Astana Group» компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Нұрлан Смағұлов жаңа банк ашатынын айтты.
Оның айтуынша, банктің аты MyBank деп аталады. Ол «Astana Group» компаниясының банкі болады.
Қазір біз компанияның банкін құру үшін тіреуге өтініш беріп жатырмыз. Ол виртуалды банк болып ашылады. Былайша айтқанда необанк дейміз. Біздің банкте есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, депозитке ақша салу, инкассация сияқты классикалық банктердің қызмет түрлері болмайды. Бұл банк автокөліктерді несиеге беру, сатып алу, автомобильдердің аксессуарлары мен қосалқы бөлшектерін сатумен айналасады, – деді ол.
Ол еліміз тәуелсіздік алған кезден бері компания мен банктерді құруда мол тәжірибе жинағанын, сол себептен жаңа банкті ашу оған қиын болмайтынын айтты.