Кандидат дауыс берушілердің кем дегенде 118 мыңнан астамының қолын жинауы тиіс.
Саяси партиялар 23 қыркүйектен бастап өз кандидаттарын президенттікке үміткерлікке ұсына алады.
Кандидаттарды ұсыну 11 қазан күні кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мен саяси партия өкілдері бірге өткізген жиында белгілі болды. Қазір елімізде тіркелген сайлаушылардың саны 12 млн-ға жуық. Әрбір кандидат дауыс берушілердің кем дегенде 118 мыңнан астамының қолын жинауы тиіс.