Мемлекет басшысының өкімімен Айгүл Шайымова Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айгүл Амантайқызы 1979 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Соңғы қызметі – Ұлтттық экономика вице-министрі (2019-2022 ж.).
2020 жылы Мемлекет басшысы жарлығымен Қазақстанда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Ұлттық экономика министрлігінің бірқатар функциясы мен өкілеттігі берілді.
Атап айтқанда:
- реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау кезінде, сондай-ақ оларды келісу, іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;
- елдің дамуы мен халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау мен талдау жүргізу;
- ведомстволық статистика саласындағы жұмысты үйлестіру;
- орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;