Halyq Uni логотип
×

Сайлау қоғамды демократиялық трансформация идеясы төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді - сарапшы

Сарапшының айтуынша, сайлау халықтың билік институттарына деген сенім кредитін жаңарту мүмкіндігі

 Халық үні 22.09.2022 | 11:01
Сайлау қоғамды демократиялық трансформация идеясы төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді - сарапшы
Фото: сарапшының жеке архивінен

Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанова 20 қараша елімізде өтетін ел президентін сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni

«Алдағы президенттік сайлау бастапқыда конституциялық реформаның логикасына байланысты болды. Конституция Президент жариялаған саяси трансформацияны жүзеге асырудың үштен бір бөлігіне дерлік жаңартылды. Сондықтан президенттің, парламенттің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу осы саяси институттарды қайта іске қосу үшін қажет. Екінші жағынан күрделі геосаяси жағдай қазақстандық қоғамның біздің ел дамуының нақты стратегиялық пайымына деген сұранысын өзектендіреді. Осыған байланысты сайлау ерекше мәнге ие болады», – деді сарапшы. 

Оның пікірінше, сайлау азаматтық қоғамды демократиялық трансформация идеясы төңірегінде біріктіруге мүмкіндік береді. 

«Әрбір ересек қазақстандық үшін сайлау – бұл саясатты қалыптастыруға қатысу құқығын іске асыру, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстаным таныту мүмкіндігі. Саяси бірлестіктер мен олардың көшбасшыларының ел дамуына қатысты өз пайымдарын ұлттық ауқымда ұсынып, барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін идеялары мен тетіктерін талқылауға мүмкіндігі болады. Белсенді қоғамдық бірлестіктер стандартты емес тұжырымдамаларды, жаңа тәсілдер мен шешімдерді ұсына алады. Осылайша кезектен тыс сайлау бізге әділетті Қазақстанды құру үшін саяси институттар мен рәсімдерді демократиялық қайта құру бағытын бекітуге мүмкіндік береді», – деп қосты ол. 

Сондай-ақ сарапшы Қазақстандағы негізгі саяси институттар сайлау арқылы сынақтан өтеді деп есептейді. 

«Сонымен қатар алдағы сайлау – бұл саяси реформаларды дәйекті түрде іске асыру ғана емес, сондай-ақ қазақстандық қоғамды топтастыру және осы күрделі тарихи кезеңдерде билік институттарына сенім кредитін жаңарту мүмкіндігі», – деп қорытындылады Гүлмира Тоқанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама