Halyq Uni логотип
×

400 млрд теңге бөлінген: қайта жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді

Президент тапсырмасы бойынша жол құрылысы 2025 жылға дейін толық аяқталуға тиіс

 Еркеғали Болатұлы 22.09.2022 | 10:14
400 млрд теңге бөлінген: қайта жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді
фото: ашық дереккөз

Жол салуға биыл 400 млрд теңге бөлінген. Оның бүгінде 65 пайызы игеріліпті. Ал сапасының сын көтермеуіне кәсіби мамандардың жетіспеушілігі – басты себеп. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Жалпы, жауаптылар президент тапсырмасы бойынша жол құрылысын 2025 жылға дейін толық аяқтауға ниетті екен.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жол мәселесін шешуді тапсырды. Сол міндетті орындау үшін біз семинар ұйымдастырдық. Мұнда жол құрылысына жауапты адамдар әр өңірден жиналып, пікір алмасып жатырмыз. 2025 жылға дейін республиканың барлық өңірінде жол мәселесі шешіледі деп ойлаймын, - дейді ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Дегенмен семинарға жиналғандар жолдың жырға айналып кетуінде басты мәселе битум тапшылығы деседі. Сондықтан олар қосымша битумды Ресейден аламыз деген келісімге келіп отыр.

Қазір еліміздегі жолдардың 80 пайызы жөндеу жұмысынан өткен. Дегенмен олардың сапасына сын айтатындар аз емес. Ал басшылар сапаның төмендігіне кәсіби білікті мамандардың аздығы әсер ететінін алға тартып отыр.

«Сондықтан мамандарды тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Қазір біз жұмысшыларды біліктіліктен өткізу үшін оқу орталығын аштық. Бұл аталған проблеманы шешуге көмектеседі деп ойлаймын», - дейді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ директоры Арман Әлібаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама