×

ҚМА Атырауда басқарма басшысы орынбасарының ұсталғанын растады

Одан бөлек, «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 Халық үні 16.02.2022 | 12:55
Атырау облысының әкімдігі, фото: mapsights.com

Атырау облысында (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ЖШС басшысына қатысты күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

10 ақпанда қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Нұрқуат Нудин сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша күдікке ілінді. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жайлы бұған дейін хабарланды. 

Нұрқуат Нудин денсаулық сақтау басқармасына басшы орынбасары лауазымына былтыр 1 сәуірде тағайындалған. Ал, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында 2019 сәуір —2021 наурыз аралығында қызмет еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23