×

Қызылордада 37 қылмыстық топ құрықталды

304 адам жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2022 | 09:29
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан 37 қылмыстық топ ұсталды.

Биыл өңірде мал ұрлығымен және басқа да ұрлықпен айналысқан 304 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 37 қылмыстық топ қамауға алынды.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаевтың айтуынша, облыста мал ұрлығы Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында жиі тіркеледі. Жыл басынан бері тіркелген 104 мал ұрлығының 24-і қорадан ұрланса, қалған 80 мал (77 пайыз) қараусыз қалып өрісте ұрланған. Ал, учаскелік полиция инспекторлары тарапынан қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 1439, ветеринария қызметінің тиісті құжатынсыз мал тасымалдаған 53 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама