×

Қазақ қыздарының арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Беларусь жігітіне тұрмысқа шыққалы жатыр

Динара Әлімбекова Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген

 Халық үні 22.09.2022 | 04:29
фото: әлеуметтік желіден

Биатлоннан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, әлем кубогы мен Еуропа чемпионатының жүлдегері Динара Әлімбекова тұрмысқа шыққалы жатыр, деп жазады nur.kz. 

Динара Әлімбекова Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Әкесі Талғат - қазақ, анасы - беларусь. Ол үш жасында отбасымен Беларусь еліне көшіп кеткен. Сол жақта биатлонмен айналысып, 2018 жылы Беларусь командасы сапында Олимпиада чемпионы атанды.

Яғни, Динара Беларусь елінің азаматы, сол елде өсіп, сол елде спортпен шұғылданған. Жақында Динара сүйіктісінің ұсынысын қабыл алып,«иә» деп жауап бергенін хабарлаған еді. Ол өзінің командаласы, биатлоннан Беларусь құрамасының мүшесі, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Антон Смольскийге тұрмысқа шықпақ.

Айта кетелік, Динара шетелде тұрса да, ересектер арасында қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы саналады. Ал ауыр атлет Жазира Жаппарқұл жасөспірімдер арасында өткен Олимпиаданың чемпионы атанған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама