Ресейліктер жаппай Қазақстанға келе бастады

Халық үні

Билет құны 544 мың теңгеден 6 миллион теңгеге дейін

фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Ресейден басқа елдерге алдағы бірнеше күнге барлық дерлік билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті.

21 қыркүйек күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтан көрші және жақын елдерге немесе бірқатар қалаларға осы аптаға әуе билеттері азайып барады. Билеттердің құны да айтарлықтай қымбаттады – бірнеше жүз мың теңгеге дейін, ал кей жағдайда бағасы қазақстандық валютамен есептегенде миллиондарға жетеді.

Мысал ретінде Мәскеуден келесі бағыттарды келтіреміз:

Мәскеу-Алматы: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-сіне 2 билет қалды, құны 540 мың теңгеден басталады.

Мәскеу-Астана: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-де әр түрлі авиакомпаниялардан түрлі рейстерде тағы 6 билет бар. Құны 544 мың теңгеден 6 миллион теңгеге дейін.

Мәскеу-Бішкек: 21-22 қыркүйекке билет жоқ. 23 қыркүйектен бастап билеттер құны 214 мың теңгеден басталады.

Мәскеу-Ташкент: бүгін 445 мың теңгеге 1 билет қалды. 22 қыркүйекке билет жоқ.

Мәскеу-Тбилиси: 21-22 қыркүйекке билеттер жоқ. 23-і күні бірнеше билет қалды, құны 510 мың теңгеден басталады.

Мәскеу-Ыстамбұл: 21 қыркүйекке 576 мың теңгеге 1 билет, 22 қыркүйекке 738 мың теңгеге 1 билет бар.

Көбісі әуе билеттері туралы дүрбелеңді жұмылдырумен байланыстырады. Астана уақытымен сағат 12:00-де Ресей президенті Владимир Путин видеоүндеу жасап, онда елінде жартылай жұмылдыруды бастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Путиннің айтуынша, жұмылдыру бүгін, яғни 21 қыркүйекте басталады. Қазіргі уақытта запастағы азаматтар шақырылуға жатады.