Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі
Қостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің
Ведомство мәліметінше, кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.
«Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022»оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайтын болады», - делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол бүгіннен басталады.