×

Дәулет Шабанбай Олимпиаданың қола жүлдесі үшін 65 мың доллар алады

2012 жылы балуан бесінші орын үшін 10 мың доллар алған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 18:25
фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жақында ғана Олимпиаданың қола жүлдесі атағын алған еркін күрестің балуаны Дәулет Шабанбаймен кездесті.

Балуанға Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 2012 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Олимпиаданың қола жүлдесі табыс етілген болатын. Оған қола медальді «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының (UWW) президенті Ненад Лалович табыс етті.

Кездесуде министр Дәуен Абаев Дәулет Шабанбайға 65 000 АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Мен барша қазақстандықтарды ел қоржынына түскен Олимпиаданың қола медалімен құттықтаймын! Спортшымыз жүлдегер атанды. 10 жылдан кейін медаль алды. Бұл - өте маңызды оқиға. Әділдік салтанат құрды. Бабы келіскен батырымыздың кәсібилігінің арқасында бағы жанды, –  министр.

Бұрын балуан Олимпиададағы бесінші орын үшін 10 мың доллар алған болатын. Ол осы жарыста үшінші және төртінші орын иеленіп, допинг тексеруден өтпей қалған спортшылардың қола жүлдесін алды. Қола медаль АҚШ-тың өкілі Тервел Длагневке де табыс етілді.

Дәулет Шабанбай – төрт дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері (2008, 2009, 2011, 2014). Одан кейін ол 2014 жылы Азия ойындарының күміс медалисі атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама