×

Павлодардағы мектепке «бомба» қойылды

Кәмелетке толмаған жеткіншек ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 18:12
фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп, 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, бүгін сағат 11.59-де қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Барлық күштер жұмылдырылды. Бірінші ауысымда оқитын 1048 оқушы,  88 педагог пен мектептің басқа да құызметкерлері эвакуацияланды. Жедел іс-шаралар сағат 13.35-те аяқталды, –  деп хабарлады қалалық білім беру бөлімі.

Жедел уәкілдер Павлодар облысында соттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген хаттың авторын анықтады. Ол кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама