×

«Қазақстан барысы» әлем кубогын жеңіп алды

Одан басқа да балуандарымыз сегіз салмақтың жетеуінде жеңімпаз атанды

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 17:57
фото: ашық дереккөз

Биыл «Қазақстан барысы» жарысын жеңіп алған қызылордалық балуан Мақсат Исағабылов қазақ күресінен Румынияның Констанца қаласында өткен әлем кубогы турнирінің жеңімпазы атанды.

Әлем кубогы үшін сынға дүниежүзінің 15 мемлекетінен балуандар қатысып жатыр.

Бұл турнирде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальмен бірге ақшалай сыйлық берілді.

Осы жарыста Мақсат Исағабылов 100 килодан астам салмақ дәрежесінде күш сынасты. Одан басқа балуандарымыз да сегіз салмақтың жетеуінде кубоктың иегері атанды.

Олар - Бекжан Төлепов, Марат Нығматуллаев, Нұрболат Мырзанов, Сафуан Мұратбеков, Еламан Қойшыбаев пен Әсет Ахметжанов. Ал 100 килоға дейінгі салмақта Еркінбек Бөлен камерундық Доласем Дьэдоннен ұтылып, күміс жүлде алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама