АҚШ басылымы Тоқаевтың мақаласын жариялады
Егер еліміз тоқыраудан аулақ болғысы келсе, реформаға бет бұруы керек, – деді мемлекет басшысы
АҚШ-тың «Политико» басылымында Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан президенті: Біз реформалар жолымен ілгері жылжып келеміз» атты мақаласында еліміздің ашық әрі либералды саясат жүргізуді күшейтетінін, жақында Парламентке Әділетті Қазақстан құру туралы жоспарын таныстырғанын жазған. Сонымен бірге ол заң үстемдігін нығайту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесін де көтеріп, заң шығарушы орган мен жергілікті билік органдарының рөлі арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.
Егер еліміз тоқыраудан аулақ болғысы келсе, реформаға бет бұруы керек, – деп жазды президент мақаланың бір жолында.
Тоқаев президенттің жетіжылдық мерзімі бойынша да ойын ортаға салып, бұл Қазақстандағы демократияның дамуындағы серпіліс болатынын айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы ұлттық ойлаудың түбегейлі өзгеріп жатқанына жеткізген.