Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Мемлекет басшысы Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды

 Халық үні 21.09.2022 | 17:16
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес елімізде кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалды.

Жарлыққа сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Үкіметі кезектен тыс президент сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасайды және дұрыстығын қамтамасыз етеді, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президент сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетуге міндеттелді.

Мемлекет басшысының жарлығы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама