Бірлескен демаркациялық комиссияның мүшелері 121 рет кездесті
Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 121-отырысы өтті.
Тараптар Қазақстан мен Ресейдің шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарау мен бекіту мәселесін қарастырды. Сондай-ақ биылғы далалық демаркациялық жұмыстардың нәтижелерін қорытындыланып, алдағы жылы далалық және камералдық жұмыстардың жоспарлары талқыланды.
Комиссияның келесі отырысы осы жылдың қазан айында елімізде болады.