Halyq Uni логотип
×

«Бұл қоқан-лоққы емес». Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін айтты

Ресей президенті таяқтың екі ұшы бар екенін ескертті

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 13:54
«Бұл қоқан-лоққы емес». Путин ядролық қаруды қолдануы мүмкін екенін айтты
фото: ашық дереккөз

Владимир Путин Ресей халқына үндеу жолдап, елдің тұтастығын қорғау үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Ол АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропа одағының Украинаны Ресейге қарсы әскери операция ұйымдастыруға «итермелеп», «мәжбүрлеп» жатқанын айтты. 

Мен біздің елде де түрлі қырып-жоятын қарулардың бар екенін айтқым келеді. Ал қарудың жеке құрамдас бөліктерін айтсам, біздің қару-жарақ НАТО елдеріне қарағанда қазіргі заманға сай етіп жасалған. Біз елді қорғау үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланамыз. Бұл – қоқан-лоққы емес. Ресей халқы еліміздің территориялық тұтастығына, тәуелсіздігіміз бен егемендігімізге, азаттығымызға берік сенімді болуы керек.

Тағы қайталап айтамын, бізде қуатты қарудың бәрі бар.  Бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысатын болсаңыздар таяқтың ек ұшы бар екенін біліп жүріңіздер, –  деді ол.

Ол сондай-ақ Ресейде Украинамен соғысқа байланысты ішінара мобилизация жариялайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама