Ең әуелі қарулы күштерде әскери борышын өтеген запастағы әскери қызметкерлер шақырылады
Ресей президенті Владимир Путин үндеу жолдап, Украинамен соғысқа байланысты елде ішінара мобилизация жариялады.
Мен Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың елде ішінара мобилизация жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Бұл ұсынысты қолдау қажет деп санаймын, – деді Путин.
Оның айтуынша, Украинамен соғысқа ең алдымен қарулы күштерде әскери борышын өтеген запастағы әскери қызметкерлер шақырылады. Олар майданға аттанар алдында қосымша әскери дайындықтан өтіп, тиісті тәжірибе жинаған соң соғысқа қатысады.