×

Қазақстанның фильмдері Гатчин кинофестивалінде жүлде алды

Олар халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 12:11
фото: ашық дереккөз

Гатчин қаласында өткен «Әдебиет және кино» халықаралық кинофестивалінде «Қазақфильмнің» екі фильмі жүлде алды.

Киностудияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоюшы-суретші Ермек Өтегенов пен Болат Қалымбетов «Мұқағали» фильміндегі үздік жұмысы үшін Халықаралық қазылар алқасының арнайы дипломымен марапатталды.

Үздік сценарий үшін жүлдені режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі алды.

Гатчиндегі кинофестивальдің конкурсына Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Қазақстан мен Тәжікстан елдерінің студиялары мен тәуелсіз авторлары өз жұмыстарын ұсынды.

Былтыр белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-Таллин кинофестивлінде (PÖFF) экуменикалық қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленген еді.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Мұқағали» фильмі 21 қазанда прокатқа шыққан болатын.

Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетовпен және Ғазиз Насыровпен бірге жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама