Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Халық үні

Ол бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды

Әсем Нүсіпова, фото: ашық дереккөзден

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында туған, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметінен бастаған. 2001 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалды.

2002-2003 жылдар аралығында ҚР Президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер Орталығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары – Қаржы министрінің кеңесшісі, ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру-сараптама тобының (қоса атқарушы бойынша) кеңесшісі. Сондай-ақ 2005 жылы ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, премьер-министр кеңесшілері тобының жетекшісі болды.

2006 жылы – ҚР премьер-министрі кеңсесінің жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында болды. Сосын 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында Әсем Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, 2020-2022 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.