×

Атырау облысында бір тәуліктен бері қамыс жанып жатыр

Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

 Айнұр Асылбекқызы 21.09.2022 | 10:04
Halyq Uni

Атырау облысында бір тәуліктен бері қамыс жанып жатыр. Жердің батпақ болуына байланысты өрт әлі сөндірілмеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстың төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт 20 қыркүйек таңғы сағат 9 шамасында басталған. Өрт Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта шыққан.

«Жердің батпақ болуынан өрт сөндіру техникалары өрт шыққан жерге өте алмады. Соған байланысты өртті сөндіре алмады. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлері өртті бақылап отыр», - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ өрт шыққан жерге жету жолдарын іздестіру кезінде жол таңдамайтын Trekol автокөлігі батпаққа батып кеткен. ТЖД автокөліктің толық жанып кеткенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

21 қыркүйек таңғы 07:30-да МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оттың екі жерден жанып жатқаны, елдімекендерге еш қауіп жоқ екенін анықтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама