Halyq Uni логотип
×

БАӘ Әулиекөлдегі орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанмен достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретінін айтты

 Динара Амантай 21.09.2022 | 09:42
БАӘ Әулиекөлдегі орманды қалпына келтіруге 1 млн доллар бөлді
Фото: Halyq Uni/ Нұрдәулет Әбікеев

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Үкіметтің ресми сайтын сілтеме жасап.

Кездесуде Әлихан Смайылов биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.

Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз, — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен бірге ол соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын айтты.

«Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін», — деді Әлихан Смайылов.

Бұған қоса Үкімет басшысы БАӘ президентіне Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 млн доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерін ерекше достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Мен екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын толық қолдаймын, — деді БАӘ Президенті.

Кездесу соңында Араб Әмірлігінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама