×

Қазақстанда Ресейдің «Мир» карталарына тыйым салынады

Көрші елдің төлем жүйесімен жұмыс тоқтатылады 

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 09:33
Фото: mfc74.ru

Ресейдің «Известия» басылымы Қазақстанда банктердің «Мир» карталарын қабылдамай жатқанын хабарлады.

Түрік банктері «Мир» карталарын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, басқа елдердің несие ұйымдары да ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтататынын айтты. Қазақстанның Халық банкінің байланыс орталығы ресейлік карталарға терминалдар арқылы да, банкоматтар арқылы да қызмет көрсетілмейтінін хабарлады. «Мир» төлем жүйесінің карталары енді вьетнамдық BIDV-де қабылданбайды. Банк қызметкерінің айтуынша, BIDV VISA, Mastercard, Western Union, JCB, UnionPay карталарына қызмет көрсетуді жалғастырады. Бірақ «Мир» төлем жүйесі бұл тізімде жоқ, –  делінген материалда.

Басылымның мәліметіне қарағанда, Ресейдің Орталық банкі шетелдік серіктестердің «Мир» карталарын қабылдау, қабылдамауды өздері шешетінін мәлімдеді. Дегенмен Орталық банкі ресейлік картаның қолданыс аясын кеңейтуге бар күш-жігерін салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама