Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында жігіт сүйіктісінің анасы мен өгей әкесін пышақтап өлтірген

Жігіт қарым-қатынасына кедергі келтірген қыздың ата-анасын өлтіріп тастаған

 Халық үні 21.09.2022 | 06:50
Павлодар облысында жігіт сүйіктісінің анасы мен өгей әкесін пышақтап өлтірген
Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысы Берегов ауданының 22 жастағы тұрғыны Теренкөл ауылының екі тұрғынын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Тергеу мәліметінше, 22 жастағы жас жігіт өткен жылдың қараша айында кәмелет жасына толмаған қызбен танысқан. Алайда жігіт қызға қол көтергеннен кейін олар араласпай кеткен.

Жігіт қызбен қарым-қатынасын түзеуге тырысқан. Алайда қыздың анасы мен өгей әкесі бұған қарсы шыққан. 

Бұған қатты ашуланған жігіт қарым-қатынасына кедергі келтірген қыздың ата-анасын өлтіріп тастаған.

Жігіт 2 шілде күні кешке екі пышақ алып, қыздың үйіне келеді. Түнгі бір шамасында үйдің қақпасынан өтіп, қыздың анасына шабуылдайды. Ол әйелдің мойнына үш рет пышақ сұғып алған. Келіншек көмек сұрап айқайлаған кезде күйеуі де сыртқа шыққан, оған да шабуыл жасаған. Қыздың әкесі оқиға орнында қайтыс болды.

Осыдан кейін жігіт пышақты Ертіс өзеніне лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ полициядан қашып құтыла алмады.

Қазіргі таңда жігітке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы “Екі және одан да көп адамды өлтіру” бойынша айып тағылып отыр. Егер жігіттің кінәсі дәлелденсе, он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама