Бүгінде барлық облыста егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр
Елімізде 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл – астықтың 86,3%-ы деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазір орташа өнімділік – гектарына 12,5 центнер.
17,3 млн тонна астық бастырылды. Майлы дақылдардың жалпы түсімі – 363 мың тонна, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды. Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 16,6 млн тонна астыққа есептелген қоймасы бар.