Қонаев қаласында есірткі тұтынып, әйелдерді зорлаған күдікті ұсталды

Дәурен Ерболат

Полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: depositphotos.com

Қонаев қаласында әйелдерді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Айта кетсек, қаладағы полиция қызметіне 40 және 41 жастағы әйелдерден арыз түскен. Олар өздеріне бейтаныс ер адамның шабуыл жасағанын айтқан.

Бірінші дерек бойынша күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Екінші факт бойынша ер адам 41 жастағы әйелді зорламақ болған, - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленушілер күдіктінің өздеріне шабуыл жасаған кезде есірткі тұтынғанын атап өтті.

Бұл деректер Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Зорлау») бойынша тіркелді. Полицейлер күдіктіні ұстап, қамауға алды.