×

Петропавлда жасырын цехтан 16 мың литр спирт табылды

Ішімдік облыс орталығы аумағында сату үшін дайындалған

 Дәурен Ерболат 20.09.2022 | 15:03
Фото: tadviser.ru

Петропавлда алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың өнеркәсіп аумағында үй-жай анықталып, жойылды.

Онда облыстағы сауда орындарында сату үшін антисанитариялық жағдайда суррогат спирт дайындалған. Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден асатын пластикалық ыдыстарға құйылған спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама