Жетісу облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Жетісу облысында джип аударылып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 20 қыркүйекте Панфилов ауданында болды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының 273-шақырымында Lexus LX470 аударылған.
Көлікте 3 адам отырған. Олар алған жарақаты салдарынан оқиға орнына көз жұмды. Оның екеуі – 1983 және 1985 жылдары туған ерлі-зайыпты. Үшінші адамның кім екені әлі анықталған жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Тәртіп сақшылары джипті кім басқарғанын анықтауға кірісті.