×

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: сот үкімі өзгеріссіз қалды

Мұрат Мейірбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды

 Айнұр Шошаева 20.09.2022 | 14:28
Сурет: ашық дереккөзден

Астананың сот алқасы Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша сотталған Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды Halyq Uni.  

2 тамызда бір жыл бұрын Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Мұрат Мейірбековті 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Мұрат Мейірбеков – қайтыс болған қазақстандықтың туысы. Ол қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі («зорлау»), 128-бабының 4-бөлігі 2-тармағында («адам саудасы») қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бүгін елорданың сот алқасы Мейірбековтің ісі бойынша апелляциялық шағымын қарап, сотталушының кінәсінің дәлелденуіне байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.  

Бұған дейін Айтпаеваның анасы президенттен көмек сұраған және сот үкіміне қатысты пікір білдірген еді. 

Еске сала кетейік, 2021 жылдың мамырында Грузияға жұмыс істеуге кеткен 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева белгісіз жағдайда қайтыс болды. Кейін осы іске қатысты 57 жастағы Грузия азаматы Бесик Тордуа ұсталды. Әсел Айтпаева оның пәтерінің терезесінен құлағаны анықталды. Оған қатысты зорлау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген айып тағылды. Алайда Тордуа көп ұзамай тергеу изоляторында қайтыс болды.

Содан кейін Айтпаеваны Грузияға жұмыс істеуге жездесі, қазақстандық Мұрат Мейірбеков адам саудасына қатысты күдікке ілінді. Мұрат Мейірбеков қыз қайтыс болардан бір күн бұрын Қазақстанға оралған. Ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама