«Қазақстан халқына» қорына 23 млн теңге берілді
Қаражатты қордың директоры Болат Жәмішев қабылдап алды
Дастан Жұмабекұлы
20.09.2022 | 11:04
Мүфтияттың «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясы бойынша бірнеше күнде жиналған 23 003 415 теңгені «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына ресми түрде табыс етті.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, қаражатты қор директоры Болат Жәмішев қабылдап алды.