Үш облыстың командасы жарыстан шығып қалды
18 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінің алғашқы кезеңі басталды. Таңғы 7-ден 19 команда жеребе бойынша белгіленген уақытқа сәйкес Астана іргесіндегі Қаражал ауылынан Сабынды ауылына аттанды. Шабандоздар 12 күнде 1200 шақырымды бағындырып, Түркістанға табан тіреуге тиіс.
Екі күн ішінде шабандоздар Астанадан Қарағанды облысындағы Баршын ауылына дейін 200 шақырым жүріп өтті.
Әзірге 16 сағат 43 минут көрсеткішпен Маңғыстау облысының құрамасы І орында келе жатыр. ІІ орынға Жетісу командасының жігіттері шықса, ІІІ орында Ақтөбе командасы келеді.
Марафонның екінші күні Атырау, Павлодар және Ақмола облысының командалары жарыстан шығып кетті.
Соңғы меже – Түркістан қаласына дейін бірінші болып жеткен команда мүшелері – «Ұлы дала сарбазы» атағы мен 30 млн теңге көлеміндегі жүдлемен марапатталады.
Екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше 20 млн теңге және 15 млн теңге жүлдені қанжығаға байламақ.