Жиналған 94 мыңға жуық гүлді таптаған
Алматыда қала күніне орай ұйымдастырылған «Gakku дауысы» концертіне жиналғандар 94 мыңға жуық гүлді таптаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланың экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, шығын сомасы 13 миллион теңгеден асты.
Бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды. 94 мыңға жуық гүлді таптаған, - деп хабарлады әкімдік.
Алмалы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған.
Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығының тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Ал концерттен кейінгі залал қала әкімдігі қалпына келтіреді. Жойылған өсімдік орнына жаңасы отырғызылады.
Айта кетейік, күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.
Биыл қаладағы декоративті көгалдандырудың жалпы аумағы – 159 мың шаршы метр, ал газон аумағы – 26 мың шаршы метр.
Алматыда қала күні 16-17 қыркүйекте мерекеленді. Бұл күндері қаланың барлық ауданында түрлі іс-шара ұйымдастырылды. «Gakku дауысы» концерті Төле би көшесі бойындағы Астана алаңында өтті.