Ресей-Украина соғысы: Соңғы мәліметтер жарияланды

Халық үні

Украина Оскол өзенінің шығыс жағалауын бақылауға алды

фото: eadily

Өткен тәулікте Ресей армиясы Украинадағы 30 елдімекенге зымыранмен соққы беріп, инфрақұрылымды зақымдаған. Мұны BBC хабарлады.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский халыққа күн сайынғы үндеуінде майдандағы уақытша тыныштық - жаңа қалаларды азат етуге дайындық деп мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда Украина күштері Харковь облысын азат етіп, Оскол өзенінің шығыс жағалауын бақылауға алды.

Жақында олар Луганск облысын қайтаруға кірісуі мүмкін. Бұны осы аймақтың губернаторы Сергей Гайдай мәлімдеді.