×

«Канело» Головкинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Жанкүйерлерге өте жақсы үш жекпе-жек сыйлағанымызға қуаныштымын, дейді ол

 Халық үні 20.09.2022 | 01:40
коллаж: Halyq Uni

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен үшінші жекпе-жегінен кейін пікір білдірді. 

Өзімді керемет сезінемін. Бақыттымын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Головкин – керемет боксшы. Ол – мықты және ақылды. Бұл жақсы жекпе-жек болатынын білдім. Біз көрермен үшін үш жақсы жекпе-жек өткіздік. Онымен рингті бөліскеніме қуаныштымын. Өзімнің жылдамдығым мен күшімді сезіндім. Өте жақсы жұмыс істедім деп ойлаймын, әсіресе алғашқы сегіз раундта. Содан кейін ол соңғы раундтарда қарқынын үдетті, мен де,- деді ол.

Сондай-ақ ол Головкинді құрметтейтінін және оның керемет боксшы екенін атап өтті.

Жекпе-жек үшін оған алғыс айтқым келеді. Жанкүйерлерге өте жақсы үш жекпе-жек сыйлағанымызға қуаныштымын. Головкин – үздік боксшы. Ол кез келген адамды жеңе алады, – деді Альварес.

Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело»  Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 раундқа созылды. Тартысты сайыста төрешілер шешімімен отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласына есе жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама