×

Мәжіліс сайлауына қандай саяси партиялар қатысуы мүмкін

Кейбір партиялардың құжаттары заң талабына сәйкес келмейді

 Дәурен Ерболат 19.09.2022 | 19:07
Фото: baq.kz

Әділет министрі Қанат Мусин 2023 жылы өтетін Мәжіліс сайлауына қандай саяси партиялар қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі заң талабына сәйкес партияны тіркеу үшін оның құрамында кемінде 20 мың адам болуы шарт. Сондай-ақ әр өңірде партияның кемінде 600 мүшесі болуы керек.

«Халық дербестігі» партиясы съезд өткізіп, Әділет министрлігіне өз мүшелерінің тізімін ұсынды. Қазір тізімді тексеріп жатырмыз. «Намыс» және «Байтақ» партиялары съезд өткізу сатысында тұр. Бүгінде басқа партиялар Әділет министрлігіне хабарлама жіберу кезеңінен өткен жоқ. Себебі, өйткені олардың құжаттары заң талабына сәйкес келмейді, - деді Қанат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысы 2019 жылдан бастап 18 саяси партиядан хабарлама түскенін жеткізді. Олардың бір бөлігі аталған жылы ғана өтініш беріп, кейін саяси партияны тіркеу үшін тиісті әрекет жасамаған. Осыған байланысты олардың хабарламасы күшін жойған.

«Енді 13 саяси партия қалды. Қазір олардың үшеуі өтті. Қалғандары ұйымдастыру сатысынан өтуде», - деді әділет министрі.

Еске салайық, осыған дейін президент 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтетінін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама