Боксшылар турнирде 24 жүлде алды
Команда 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль иеленді
Сербияның Суботица қаласында бокстан жастар арасында «Воеводинаның алтын қолғабы» халықаралық турнир аяқталып, Қазақстан құрамасы сапындағы ұл-қыздарымыз тамаша жетістікке жетті. Осымен 40-рет жалауы желбіреген жарыста команда 7 алтын, 6 күміс және 11 қола жүлдені жеңіп алды.
Турнирде Елина Базарова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Гауһар Шайбекова (70 кг), Бақтияр Анарбаев (60 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Дәулет Төлемісов (75 кг) жеңімпаз атанды.
Күміс медальді Анита Адишева (50 кг), Әсем Таңатар (63 кг), Үміт Әбілқайыр (+81 кг), Абылай Сман (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) иеленді.
Қола жүлдеге Рамазан Нұрлыбаев пен Ислам Сексенбаев (екеуі де 48 кг), Жандәулет Сәрсенбаев пен Алмат Әбуали (екеуі де 54 кг), Руслан Шахар (67 кг), Егор Егоров (75 кг), Иван Ермоленко (+92 кг), Гаухар Бөрібаева (48 кг), Виктория Байдукова (54 кг), Аида Жолдасова мен Айгерім Қабдолла (60 кг) ие болды.
Енді Қазақстанның құрама командасы 13-27 қараша күндері Испанияда өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.