Екі жақтан барлығы 94 адам қаза тапты
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл туралы АКИpress хабарлады.
Қырғызстан министрлігі бұл акцияның Тәжікстан тарапынан арнайы дайындалып жасалғанын атап өтті.
Тәжікстан тұтқиылдан шабуыл жасап, Қырғызстанның территориялық тұтастығы мен егемендігіне нұқсан келтірді, – делінген хабарламада.
Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс 16 қыркүйек күні тәжік шекарашыларының Баткен облысының аумағына басып кірулерінен басталды. Бұдан кейін екі жақтан атыс болып, оған минометтер қосылды.
Қазірге дейін Қырғызстан тарапынан 59 адамның, тәжіктер жағынан 35 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.
Қырғызстан армиясының бір жауынгері өзін өзі жарып жіберіп, тәжіктердің 6 шекарашысын өзімен бірге ала кеткен.
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының екі мемлекеті арасында болып жатқан бұл соғыс аталған ұйымның да іргесін шайқалтып жіберді.
Ведомство тәжік тарапының әрекетін «Қырғызстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қолсұғу» деп бағалады.