Салдарынан 3 адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылып, 3 адам қаза тапты деп хабарлады Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 9 қыркүйек күні түскі сағат 13:00 шамасында Сергеевка қаласының маңындағы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 785 шақырымында болған. Audi C4 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Shacman жүк көлігіне соғылған.
Салдарынан Audi C4 жүргізушісі, сондай-ақ 54 және 40 жастағы жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Жолаушылар Тимирязев ауданында тұрған. Тіркелген дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деп жазылған хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.