Ол қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген
Танымал вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 күнге ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, – деп жазылған сот таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда блогер, вайнер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген еді.