Жанболат Мамайды қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Дәурен Ерболат

Оған қаңтар оқиғасына қатысты айып тағылған

Фото: azattyq.org

Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайды қамауға алу мерзімі 12 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының Жанболат Мамайға қатысты ұсынысы, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 7 айға дейін яғни 12 қазанға дейін ұзартылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Жанболат Мамайға қаңтар оқиғасына қатысты деп айып тағылған еді.