×

Мизамшуақ: осы аптада жалпы елімізде күн +30 градусқа дейін жылынады

Бұл шуақты күндерді қазақша «Мизам шуақ», орысша «Бабье лето» деп атайды

 Еркеғали Болатұлы 19.09.2022 | 12:10
фото: ашық дереккөз

Синоптиктер Қазақстанда 20-22 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы аптада еліміздің басым бөлігінде ауа райы құрғақ және күн ашық болады.

Түн әлі салқын. Бірақ күн бірте-бірте ауаны жылытып, күндіз бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасы +23-30°С-қа дейін көтеріледі, - дейді мамандар.

Тек батыс және оңтүстік-шығыс облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады екен. Онда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

Еске сала кетсек, жаздың аптап ыстығының беті қайтып, кеші қоңырсалқын бола бастайтын, шөптің бетіне алғашқы шық түскен бұл өліара уақытты, яғни қыркүйек айының соңғы күндері мен қазан айының ортасына дейінгі шуақты күндерді қазақша «Мизам шуақ», орысша «Бабье лето» деп атайды. Бұл кезде далада ағаштардың өрмекші өрмегіне ұқсаған сүлбісі жылтырап, шұбатылып (мизам болып) жүреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама