Қырғызстан мен Тәжікстанның қарулы қақтығысында 94 адам қаза тапты
Екі жақтан да көз жұмған адамдардың саны көбейді
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандардың саны 94 адамға жетті.
Қарулы қақтығыстан 150-ден аса адам жарақат алған. Қырғызстан жағынан 59 адам қаза тапса, 114 адам зардап шеккен. Тәжікстан тарапынан 35 адам көз жұмған.
Бұған дейін хабарланғандай, 14 қыркүйек күні екі ел арасындағы шекарада жағдай шиеленісіп, 16 күні қарулы қақтығысқа ұласты. Тәжікстан күштері бірнеше ауылды басып кіріп, Баткен қаласын зымырандармен атқылаған. Бірақ кейін қырғыз жерін тастап шыққан. Сол күні екі тарап атысты тоқтату туралы келісімге келгенмен, сенбі күні тәжік әскері қырғыз мекенін тағы атқылады.
Екі жақ та бір-бірін айыптап отыр. Қазір екі ел шекарасындағы жағдай біршама тұрақталған.