Halyq Uni логотип
×

Ел шекарасынан көмірді көлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды

Бұл шешім жергілікті көмір кеніштері және өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген

 Динара Амантай 19.09.2022 | 11:13
Ел шекарасынан көмірді көлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды
Фото: Halyq Uni

Көмірді елден тыс жерлерге көлікпен шығаруға тыйым салу туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 14.09.2022 жылғы №514-бұйрығы шықты.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге көлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр.

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір кеніштері және өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген.

Басты мақсат – 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда жыл соңына қарай көмір бағасы 30 пайызға қымбаттайтыны туралы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама