Армения халқы биліктен ҰҚШҰ-дан шығып, НАТО-ға қосылуды талап етті

Еркеғали Болатұлы

Ресей мен Түркия «антиармениялық келісімге» қол қойған...

фото: ашық дереккөз

Кеше Ереван орталығындағы Бостандық алаңында Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуын талап еткен митинг өтті.

Deutsche Welle сайтының хабарлауынша, бірнеше мыңдаған адам жиналған бұл митинг АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Ереванға сапарына орай ұйымдастырылып отыр.

Акцияға Армения Еуропалық партиясының төрағасы Тигран Хзмалян бастаған саясаткерлер де қатысты. Оның айтуынша, Ресей мен Түркия «антиармениялық келісімге» қол қойған көрінеді. Оның салдары Таулы Қарабақтың жоғалуына әкеледі-міс.

Егер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығып, НАТО мен ЕО-ға қосылсақ, онда біз жоғалған жерімізді қайтарамыз, - дейді Нэнси Тигран.

Бұл ретте ол егер Армения ҰҚШҰ-дан шықса, Батыстың әскери көмегін алатынына сенімді.