Әлем кубогы: садақ атушылар екі алтын, бір күміс жүлде иеленді
Қазақстан құрамасы жамбы атудан медаль алды
Румынияның Констанца қаласы қаласында ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан әлем кубогы үшін жарыстардың садақ атушылар арасындағы сайыстар мәреге жетті.
Дәстүрлі садақ атудан әлемнің 10 елінен келген мықтылар арасында жамбы атудан сынға түскен Қазақстан құрамасының садақшылары 2 алтын, 1 күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында Анжела Тарыца, ерлер арасында Қанат Абылайхан әлем кубогының жеңімпазы атанды. Ербол Тапенов күміс жүлдеге ие болды. Спортшылардың үшеуі де Астана қаласынан.