Қазақстанда бір күнде 500-ден аса адам коронавирустан айықты

Дәурен Ерболат

Бүгінде эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Фото: AP

Елімізде бір күнде 500-ден аса адам COVID-19-дан айықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 49 жағдайы тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 19,
  • Алматыда – 11,
  • Ақмола облысында – 3,
  • Жетісу облысында – 1,
  • Қарағанды облысында – 7,
  • Қостанай облысында – 4,
  • Павлодар облысында – 2,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1,
  • Түркістан облысында – 1.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 1 392 554-ке жетті.

Сондай-ақ 517 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 55,
  • Алматыда – 31,
  • Жамбыл облысында – 11,
  • Батыс Қазақстан облысында – 119,
  • Қарағанды облысында – 55,
  • Ұлытау облысында – 17,
  • Қызылорда облысында – 2,
  • Маңғыстау облысында – 5,
  • Павлодар облысында – 51,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 171.

Елімізде барлығы 1 365 645 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.